Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкент қалалық жұмыспен қамту орталығының басшысы ұсталды

Опубликовано:

Күдіктіге кісен салу
Күдіктіге кісен салу. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Шымкент қаласы Еңбек мобильдігі орталығының басшысы ұсталды. Әлеуметтік желіде тараған ақпаратты қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет растады, деп хабарлайды Otyrar.kz.

"Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Еңбек мобильдігі орталығы" КММ басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Істің мән-жайын анықтап жатырмыз. Ақпарат сәл кейінірек белгілі болады", - деп хабарлады Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

enbek.kz ақпарат агенттігінің мәліметінше, Әлеуметтік кодекстің 2023 жылғы 1 шілдесінен бастап күшіне енген заңнамасына сәйкес, облыс орталықтары мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларында Еңбек мобильдігі орталықтары жұмыс істейді.

Еңбек мобильдігі және мансап орталықтары арқылы жұмыс берушілер мен азаматтарға қызмет көрсетеді.

Қазақстанда 20 Еңбек мобильдігі орталығы және 207 мансап орталығы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2055607-symkent-qalalyq-zumyspen-qamtu-ortalygynyn-bassysy-ustaldy/

pixel