Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СІМ ресми өкілі Қытайда ұсталды деген қазақстандық азаматқа қатысты түсінік берді

Опубликовано:

Қытай туы мен әскери қызметкері
Қытай туы мен әскери қызметкері. Көрнекі фото: Kevin Frayer/Getty Images

Сыртқы істер министрлігінде өткен брифингте ресми өкіл Айбек Смадияров Қытайда полицейлердің Қазақстан азаматын ұстауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, ұсталды деген күдікке ілінген адам бұрын Қытай азаматы болған, кейін Қазақстан азаматтығын алған.

"Бірнеше жыл бұрын ол Қытай азаматы болған кезде жол апатына ұшыраған. Бірақ екінші тараппен мәселені шешпей Қазақстанға кетіп қалған. Бұл жолы Қытайға келгенде одан жергілікті полиция бұл мәселені шешуді талап етті.

Қазір ешқандай мәселе жоқ. Екінші тараппен мәселесін шешкен соң төлқұжатын алып, кетіп қалды. Қамауға алынған жоқ, зорлық-зомбылық болмаған. Қазір ол Қазақстанға оралды", - деді Айбек Смадияров.

Еске салайық, былтыр қараша айынан бастап Қытай мен Қазақстан арасында визасыз режим күшіне енген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2055635-sim-resmi-okili-qytaida-ustaldy-degen-qazaqstandyq-azamatqa-qatysty-tusinik-berdi/

pixel