jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

"Көрпе-жастығы кір": желіде Атырау ауруханасында түсірілген видео тарады

Ауруханадағы ескі төсек-орын
Палата. Видеодан кадр: КТК телеарнасы

Әлеуметтік желіде Атыраудағы №2 облыстық ауруханадан түсірілген видео тарады. Бейнежазбадан ауруханадағы кір-қожалақ төсек-орындарды, қағазбен желімделген есік-терезені көруге болады. Видеоны науқас баланың анасы түсіріп алған, деп хабарлады КТК телеарнасы.

Баласы ішек инфекциясынан емделіп жатқан әйелдің сөзінше, ауруханада ешқандай жағдай жасалмаған. Аязда палатаның есік-терезесін қағазбен желімдеп әупірімдеп отырған көрінеді. Төсек-орны да ескі-құсқы, кір-қожалақ.

Ал аурухана әкімшілігі емдеу мекемесі 2016 жылдан бері күрделі жөндеу көрмегенін, оған қоса науқастардың көптігінен палаталарға ескі кереует кіргізуге мәжбүр болғанын айтты. Әкімшілік өкілдерінің айтуынша, тазалық уақтылы жасалады, төсек-орындар да санитарлық талапқа сай.

"Бұл аурухана қазір үш аурухананың орнын жауып отыр. Ересектердің инфекциялық ауруханасы, балаларға арналған инфекциялық аурухана және бізде қалалық балалар ауруханасы жоқ. Осы үш аурухананың орнын жауып отырмыз. Науқастар қайда барады? Баратын жер жоқ, осы жерден емдейміз", - дейді №2 Атырау облысы ауруханасының директоры Надя Ерғалиева.

Аурухана басшылары биыл ғимаратқа жөндеу жүргізілетінін алға тартты.

Дереккөз: КТК телеарнасы

"Көрпе-жастығы кір": желіде Атырау ауруханасында түсірілген видео тарады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.