Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өскеменде жол бойында кетіп бара жатқан жабайы жануар видеоға түсіп қалды

Жарияланған күні:

Бұлан
Бұлан. Көрнекі фото: pixabay.com

Желіде қала маңында жүрген жабайы жануардың бейнежазбасы тарады. Бұланды көлік жүргізушілері Самара тасжолының бойынан байқап, жедел әрекет ету тобының қызметкерлеріне хабарлаған, деп жазады YK-news.kz.

Бір қызығы, бұлан ұстатпай қашып кеткен.

"Біздің инспекторлар аумақтық инспекция қызметкерлерімен бірге оқиға орнына барды. Расында да, Самара тас жолы маңында бұлан жүргенін байқадық. Біз оны бақылап тұрдық, сәлден кейін ол алды-артына қарамай қашып кетті", - деп хабарлады "Орман және аңшылық шаруашылығының жедел әрекет ету бөлімі" ММ қызметкерлері.

Еске сала кетсек, бұған дейін Маңғыстаудағы "Манашы" мемлекеттік табиғи қаумалында ақ қасқыр фотоқақпанға түсіп қалғанын жазған едік.

Ақ қасқыр қатыгез әрі төзімді жыртқыш болып саналады. Бұл аңның салмағы 30 келіден 80 келіге дейін жетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2055739-oskemende-zol-boiynda-ketip-bara-zatqan-zabaiy-zanuar-videoga-tusip-qaldy/