Қайрат Боранбаев тағы да сот процесіне қатысты
Жарияланған күні:
Читать на русскомЖақында ғана бостандыққа шыққан кәсіпкер Қайрат Боранбаев қайтадан сот процесіне қатысты. Бұл жолы Боранбаев сотқа талапкер ретінде қатысқан, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.я
Сот кеңсесіне Қайрат Боранбаев талапкер болып саналатын әкімшілік іс бойынша материалдар келіп түсті. Ол мемлекеттік сот орындаушысының үстінен сотқа шағым түсірді.
Сот материалдарының мәліметіне сүйенсек, мемлекеттік сот орындаушысы Қайрат Боранбаев пен оның жұбайы Шолпанның ортақ мүлкіндегі үлесті анықтау туралы ұсыныс жасаудан бас тартқан. Өз кезегінде кәсіпкер сотқа шағым түсіріп, мұндай әрекеттерді заңсыз деп тануды және құқықбұзушылықты жоюды талап еткен.
Іс материалдарында көрсетілгендей, тараптар бұрын дауды медиация тәртібімен шеше алмағандықтан, іс судьяның қарауына жіберілген. Сондай-ақ іс материалдарында Шолпан Боранбаевамен қатар "Алматы қаласының мемлекеттік активтер басқармасы" ММ аты аталған.
Ал Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Боранбаевтың арызын қанағаттандырмады.
Қайрат Боранбаев ісі
Еске салайық, биыл қарашада қазақстандық кәсіпкер Қайрат Боранбаев бостандыққа шықты. Ол мемлекет мүлкін жымқырды деген айыппен 6 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Алайда 2023 жылғы 20 қазанда оның жазасы жеңілдетілгені белгілі болды. Сотта жазаның өтелмеген бөлігі бостандықты шектеуге ауыстырылды деп хабарланды.
Сот жазаны ауыстыру кезінде мынадай мән-жайларды ескергені айтылған.
Ал былтырғы 22 желтоқсанда Астана әкімі Жеңіс Қасымбек баспасөз мәслихатында кәсіпкер Қайрат Боранбаев мемлекет меншігіне өткізген активтер туралы айтып берген. Қала әкімі Астананың меншігіне тек "Comfort отель" қонақүйі берілетінін айтты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2055742-qairat-boranbaev-tagy-da-sot-procesine-qatysty/