Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте Еңбек мобильділігі орталығының басшысы қандай күдікке ілінгені белгілі болды

Опубликовано:

Күдіктіні ұстау сәті
Күдіктіні ұстау сәті. Видеодан кадр: https://t.me/antikornews

Шымкент қалалық Еңбек мобильділігі орталығының басшысы 200 мың теңге сомасында пара алды деген күдікпен қамауға алынды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Антикордың Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Антикор мәліметінше, Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Шымкент қаласының "Еңбек мобильділігі орталығы" КММ басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

"Ол "Бастау Бизнес 2023" ұлттық жобасы шеңберінде гранттардың нысаналы пайдаланылуына мониторингті жүзеге асыру кезінде жалпы қамқорлығы үшін делдал арқылы 200 мың теңге сомасында пара алу бойынша күдікті.

Тергеу сотының санкциясымен күдікті қамауға алынды", - делінген хабарда.

Құзырлы орган тергеу жалғасып жатқанын мәлім етті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Айта кетейік, кеше, 15 қаңтарда Антикор Шымкент қалалық жұмыспен қамту орталығының басшысы ұсталғаны хабарланған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2055822-symkentte-enbek-mobildiligi-ortalygynyn-bassysy-qandai-kudikke-ilingeni-belgili-boldy/

pixel