Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Динара Сәтжан Тина Канделакидің "Қазақстанда орыс тілі шеттетіліп жатыр" деген сөзіне жауап берді

Опубликовано:

Тина Канделаки
Тина Канделаки. Фото: instagram.com/tina_kandelaki

Ресейлік тележүргізуші Тина Канделаки Қазақстандағы бірқатар темір жол станциясының атауын өзгертуге қатысты сын айтқан. Оған қазақстандық журналист Динара Сәтжан жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Канделаки өз ресми Telegram-арнасында жазба жариялады, ол онда Қазақстанда кейбір темір жол станцияларының атауын өзгерту жоспарланғанын жазған. Оның пікірінше, "Қазақстанда орыс тілін мемлекеттік деңгейде шеттету жүріп жатыр".

"Республиканың Көлік министрлігі бірқатар темір жол станциясының атауын өзгертіп, орыс тіліндегі атауларды қазақ тіліне ауыстырғысы келді. Мысалы, "Уральск" станциясын "Орал", ал "Узень" атауын "Жаңаөзен" және тағы басқасын өзгерткісі келді", - деп жазды ол.

Тина Канделакидің бұл мәлімдемесіне қазақстандық тележүргізуші әрі журналист Динара Сәтжан өз Instagram-парақшасында қатаң түрде жауап қатты.

"Біріншіден, біз тәуелсіз, егемен мемлекетпіз. Орыстың "В чужой монастырь со своим уставом не лезут" деген жақсы мақалы бар! Сондықтан қай темір жол станциясын қалай атауды өзіміз шешейік.

Екіншіден, Қазақстан тәуелсіздік жылдарында кеңес билігі кезінде жоғалтқан ана тілін қайтарып жатыр.

Үшіншіден, орыс тілі біздің елде қазақ тілімен ресми түрде қатар қолданылады, ал қазақ тілі - мемлекеттік тіл. Бұл біздің Конституциямызда жазылған", - деп жазды ол.

Алайда Сәтжан темір жол станцияларының атауы ауыспағанын, қазақ тіліндегі аумақтық атауы қайтарылғанын айтты.

"Біз өз елімізде мемлекеттік тілде ғана емес, орыс және ағылшын тілдерінде де сөйлейміз. Біздің күшіміз осыда!" - деп жазды журналист.

Еске салайық, өткен аптада Қазақстанда кейбір теміржол станциялары мен разъездердің атауын өзгерту жоспарланғаны белгілі болған еді. Тиісті қаулы жобасын Көлік министрлігі жариялады.

Құжат 2024 жылдың 22 қаңтарына дейін қоғамдық талқылауға шығарылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2055831-dinara-satzan-tina-kandelakidin-qazaqstanda-orys-tili-settetilip-zatyr-degen-sozine-zauap-berdi/

pixel