Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да республикалық маңызы бар жолдардың бірқатар учаскесінде көлік қозғалысы шектелді

Опубликовано:

Тасжолдағы боран
Тасжолдағы боран. Көрнекі фото: pixabay.com

Батыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар автожолдардың бірнеше учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол" Telegram-дағы ресми арнасында.

"ҚазАвтоЖол" ақпараты бойынша, Батыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар автожолдардың мынадай 7 учаскесінде автокөлік қозғалысына шектеу енгізілді:

  • "Орал-Тасқала-РФ шек." 4-104 шақырым, Орал-РФ шекарасы – 100 шақырым;
  • "Самара-Шымкент" 195-251 шақырым, РФ шекарасы-Орал – 56 шақырым;
  • "Самара-Шымкент" 261-393 шақырым, Подстепное-Жымпиты кенті – 132 шақырым;
  • "Атырау-Орал" 189-492 шақырым, Атырау обл. шек-Орал – 303 шақырым;
  • "Орал-Теплое" 5-33 км, Орал-РФ шек. – 28 шақырым;
  • "Подстепное-Федоровка-РФ шек." – 0-36 шақырым, Подстепное кенті-Федоровка ауылы – 36 шақырым;
  • "Жайық өзені арқылы өтетін көпір өткелі" – 0-14 шақырым, Подстепное кенті-Құс фабрикасы – 14 шақырым.

Бұрқасын, шектеулі көрініс салдарынан шектеу автокөліктің барлық түрі үшін қолданылады.

Қазіргі таңда республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп-ұстауға 765 бірлік техника мен 1452 адам жұмылдырылды.

Еске салайық, бүгін синоптиктер 18-20 қаңтар аралығында Қазақстанда аяз біртіндеп әлсірейтіні туралы болжағанын жазған едік. Бірақ еліміздің кейбір бөліктерінде әлі де қар жауады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2056082-bqo-da-respublikalyq-manyzy-bar-zoldardyn-birqatar-ucaskesinde-kolik-qozgalysy-sekteldi/

pixel