Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алдағы күндері Қазақстанда ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Қар
Қар. Көрнекі сурет: Maksim Konstantinov/SOPA Images/LightRocket via Getty Images

Синоптиктер 18-20 қаңтар аралығында Қазақстанда аяз біртіндеп әлсірейтінін болжады. Бірақ еліміздің кейбір бөліктерінде әлі де қар жауады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Метеорологтардың болжамына қарағанда, Қазақстанның көптеген облысында ашық аязды ауа райын туғызған ауқымды антициклон әлсірей бастайды, осыған байланысты температуралық фонның біртіндеп көтерілуі және аздаған қар күтіледі.

Алайда елдің батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында тұрақсыз ауа райы сақталады, негізінен қар түріндегі жауын-шашын болып, көктайғақ күтіледі, боран мен жел күшейеді. Түнгі және таңертеңгі уақытта республика аумағында тұман күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2055967-aldagy-kunderi-qazaqstanda-kun-raiy-qandai-bolady/

pixel