Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қорғаныс министрі бітімгершілік миссияны орындауға жіберілетін әскерилердің міндетін айтты

Жарияланған күні:

Руслан Жақсылықов
Руслан Жақсылықов. Видеодан кадр: Youtube/ҚР Парламенті Мәжілісі

Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрт елге бітімгершілік әскерін жіберу туралы ұсынысын қабылдады. Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов әскерилердің дайындығы мен негізгі міндеттер туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Отырыста сенат депутаты Дархан Қыдырәлі қорғаныс министрінен Қазақстан қарулы күштерінің әскери қызметшілеріне бітімгершілік миссия кезінде нақты қандай міндет қойылатынын сұрады.

"Ұлттық контингенттің әскери қызметшілеріне қандай тапсырмалар қойылады? Қазақстан әскери қызметшілерінің бітімгершілік миссияға қатысуға және қойылатын тапсырмаларды орындауға даярлығы қандай?", - деп сұрады депутат.

Министр Руслан Жақсылықов ұлттық бөлімшенің алдында тұрған негізгі міндеттерді атады.

"Бұл - резервте болу және коменданттық қызмет атқару. Патрульдеу және қажет болған жағдайда аумақты минадан тазарту, патрульдеу әдісімен БҰҰ нысандарын қорғау және басқа да функционалдық міндеттерді орындау. Жеке құрам миссияға дайын, олар тексерулерден өтті, БҰҰ-дан келген комиссияның оң бағасын алды. Біздің міндеттеріміз лицензияланды", - деді Руслан Жақсылықов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2056354-qorganys-ministri-bitimgersilik-missiyany-oryndauga-ziberiletin-askerilerdin-mindetterin-aitty/