Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматының орталық көшелерінде жол бойына шығып алған есектер видеоға түсіп қалды

Опубликовано:

Көше бойында жүрген есектер
Көше бойында жүрген есектер. Видеодан кадр: instagram.com/saulebikiteeva

Әлеуметтік желіде Алматыдағы Әл-Фараби даңғылының бойында жүрген есектердің видеосы пайда болды. Бұл жайтқа қатысты қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі түсінік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматылық тұрғын Instagram-дағы парақшасында Әл-Фараби даңғылындағы жол бойында жүрген есектердің видеосын жариялады.

Бұл видеоны көрген әлеуметтік желі қолданушылары әртүрлі пікір қалдырған.

"Хайуанаттар бағынан қашып кеткен шығар", "Мүмкін таксистер шығар", "Олар қалай жолға шығып кеткен", - деп жазды пікір қалдырушылар.

Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі оқиғаға қатысты NUR.KZ тілшісіне түсінік беріп, жануарларды уақытша қауіпсіз жерге апарғанын хабарлады.

"Үй жануарлары қаланың орталық көшелердің бірінде жүрген. Жол қозғалысы жағдайын қиындатпау үшін есектер жануарларға қауіпсіз жерге уақытша орналастырылды. Қазіргі уақытта олардың иесі кім екені анықталып жатыр, ол Қазақстан Республикасының жануарларға жауапкершілікпен қарау заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады", - деп хабарлады ведомстводағылар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2056417-almatynyn-ortalyq-koselerinde-zol-boiyna-sygyp-algan-esekter-videoga-tusip-qaldy/

pixel