Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық тележүргізуші Владимир Рерих қайтыс болды

Опубликовано:

Владимир Рерих
Владимир Рерих. Фото: prokadrykz телеграм-арнасы

Қазақстандық тележүргізуші, медиаменеджер Владимир Рерих 67 жасында қайтыс болды. Бұл туралы оның бұрынғы әйелі Дана Нұржігіт Instagram-да естіртті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Әлімнің әкесімен соңғы кездесуі екен… Володя, Владимир, Владимир Ахмадьянович Рерих бүгін Берлинде дүниеден озды…", - деп жазды Дана Нұржігіт.

Сондай-ақ ол Владимир Рерихпен 1996 жылы 11 наурызда танысып, 2000 жылдан 15 жыл отаасқанын жазды.

"Ұлды болдық. Түсініспеген жерден мен Қазақстанда қалып, сен Германияға кеттің. Бірақ, сен менің тұлға болып қалыптасуыма, маман болып өсуіме, ана болып бала тәрбиесінде неге мән беру керектігіме зор ықпал еттің, ақылшым, сапалылық, даналық, ар, кәсібиліктің биік өлшемі болдың. Парасатың, білімің, шешендік өнерің, зиялылығың ерекше еді.

Желтоқсанда барамыз деп Берлинге билет алғаным жоспарлы сапар болған жоқ, қазан айында өзімнен өзім баланы саған апарғым келді. Соңғы кездесу боларын кім білген, Володя! Анаң Эмма Александровна, менің аяулы енемнің қасына кеттің… Балаң өзіңді көріп, биылғы туған күніңмен бірінші болып құттықтағаны соңғы рет екен ғой… Мына дүниеден тыныштық таппаған, түсіністік таппаған жаның жәннәттан рахат тапсын!" - деп жазды Дана Нұржігіт.

Айта кетейік, 2012 жылы Владимир Рерих елде жұмыссыз қалғандықтан, Германияға көшіп кеткен.

Рерих - танымал қазақстандық тележүргізуші және медиаменеджер. 1958 жылы Талдықорғанда дүниеге келген. 1987-1994 жылдары "Советский Казахстан" киножурналында режиссердің көмекшісі, редактор, кейін "Қазақфильм" киностудиясында режиссер, сценарист және көркемдік жетекші болып жұмыс істеді.

1996 жылдан 2003 жылға дейін "Хабар" агенттігінде басшылық лауазымдарда еңбек етті (бас директордың бірінші орынбасары - басқарма төрағасының кеңесшісі, бас директор). 2006 жылдан 2011 жылға дейін - Еуразиялық медиафорумның бас продюсері. "Хабар" телеарнасында "Поздний Рерих" телебағдарламасының авторы және жүргізушісі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2056600-qazaqstandyq-telezurgizusi-vladimir-rerix-qaitys-boldy/

pixel