Қолайсыз ауа райына байланысты Қазақстанның төрт облысында жолдар жабылды
Жарияланған күні:
Қазақстанның 4 облысында республикалық маңызы бар автожолдардың 10 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы QazAvtoJol компаниясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Компания таратқан ақпарат бойынша, мына өңірлердегі жолдарда қозғалысқа шектеу енгізілген:
Ақтөбе облысында - 2 учаске
- "Ақтөбе-Атырау-Астрахань" 255-330 км, Қарауылкелді аулысы - Атырау облысының шекарасы - 75 км.
- "Ақтөбе-Атырау-Астрахань" 185-255 км, Шұбаркұдық ауылы - Қарауылкелді ауылы – 70 км.
Бұл өңірде бұрқасын мен шектеулі көрініс жағдайы қалыптасқан.
Жамбыл облысында - 1 учаске
- "Алматы-Ташкент-Термез" 159-238 км, Кенен ауылы - Қайнар ауылы - 79 км.
Бұл аймақта қар аралас жаңбыр жауғаны айтылады, екпінді жел мен тұман тұрып, шектеулі көрініс қозғалысқа кедергі екені айтылады.
Жетісу облысында – 1 учаске
- "Үшарал-Достық" 84-184 км, Көктұма санциясы - Достық станциясы – 100 км.
Бұл өңірде тұман болып, шектеулі көрініс қозғалысқа кедергі екені айтылады.
Батыс Қазақстан облысында – 6 учаске
- "Орал-Тасқала-РФ шекарасы" 4-104 км, Орал қаласы - РФ шекарасы - 100 км.
- "Атырау-Орал" 375-492 км, Чапаево ауылы - Орал қаласы - 117км.
- "Чапаево-Жалпақтал-Казталовка" 0-213 км, Чапаево ауылы - Казталовка ауылы – 213 км.
- "Казталовка-Жәнібек-РФ шекарасы" 0-158 Казталовка ауылы - Жәнібек ауылы – 158км.
- "Подстепное-Федоровка РФ шекарасы 0-36 км, Подстепное ауылы - Федоровка ауылы – 36 км.
Бұл аймақта екпінді жел, бұрқасын, шектеулі көрініс қозғалысқа кедергі екені айтылған.
"Самара-Шымкент" 195-246 км, РФ шекарасы - Орал қаласы – 51 км.
Бұл өңірде қозғалысқа РФ ауа райының қолайсыздығы кедергі екені айтылады.
Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 289 техника және 460 жолшы жұмылдырылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2056613-qolaisyz-aua-raiyna-bailanysty-qazaqstannyn-tort-oblysynda-zoldar-zabyldy/