jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ардақ Құлтай
Ардақ Құлтай
Бұрынғы қызметкер

Қолайсыз ауа райына байланысты Қазақстанның төрт облысында жолдар жабылды

Қысқы жол
Қысқы жол. Көрнекі сурет. Фото: pixabay.com

Қазақстанның 4 облысында республикалық маңызы бар автожолдардың 10 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы QazAvtoJol компаниясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Компания таратқан ақпарат бойынша, мына өңірлердегі жолдарда қозғалысқа шектеу енгізілген:

Ақтөбе облысында - 2 учаске

  • "Ақтөбе-Атырау-Астрахань" 255-330 км, Қарауылкелді аулысы - Атырау облысының шекарасы - 75 км.
  • "Ақтөбе-Атырау-Астрахань" 185-255 км, Шұбаркұдық ауылы - Қарауылкелді ауылы – 70 км.

Бұл өңірде бұрқасын мен шектеулі көрініс жағдайы қалыптасқан.

Жамбыл облысында - 1 учаске

  • "Алматы-Ташкент-Термез" 159-238 км, Кенен ауылы - Қайнар ауылы - 79 км.

Бұл аймақта қар аралас жаңбыр жауғаны айтылады, екпінді жел мен тұман тұрып, шектеулі көрініс қозғалысқа кедергі екені айтылады.

Жетісу облысында – 1 учаске

  • "Үшарал-Достық" 84-184 км, Көктұма санциясы - Достық станциясы – 100 км.

Бұл өңірде тұман болып, шектеулі көрініс қозғалысқа кедергі екені айтылады.

Батыс Қазақстан облысында – 6 учаске

  • "Орал-Тасқала-РФ шекарасы" 4-104 км, Орал қаласы - РФ шекарасы - 100 км.
  • "Атырау-Орал" 375-492 км, Чапаево ауылы - Орал қаласы - 117км.
  • "Чапаево-Жалпақтал-Казталовка" 0-213 км, Чапаево ауылы - Казталовка ауылы – 213 км.
  • "Казталовка-Жәнібек-РФ шекарасы" 0-158 Казталовка ауылы - Жәнібек ауылы – 158км.
  • "Подстепное-Федоровка РФ шекарасы 0-36 км, Подстепное ауылы - Федоровка ауылы – 36 км.

Бұл аймақта екпінді жел, бұрқасын, шектеулі көрініс қозғалысқа кедергі екені айтылған.

"Самара-Шымкент" 195-246 км, РФ шекарасы - Орал қаласы – 51 км.

Бұл өңірде қозғалысқа РФ ауа райының қолайсыздығы кедергі екені айтылады.

Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 289 техника және 460 жолшы жұмылдырылды.

Қолайсыз ауа райына байланысты Қазақстанның төрт облысында жолдар жабылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.