Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абылай Мырзахметовтің ісіне қатысты басты сот отырысы жабық түрде өтетін болды

Жарияланған күні:

Абылай Мырзахметов
Абылай Мырзахметов. Фото: atameken.kz

Абылай Мырзахметовке қатысты сот отырысы жабық өтеді – мұндай шешімді бүгін Астанадағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы шығарды. Бұл жөнінде KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Басты сот отырысында прокурор сотты жабық режимде өткізу туралы өтініш білдірілген.

Айыптаушы тараптың айтуынша, іс бойынша куәгерлердің бірі отырыстың жабық өтуін қалаған.

"Бізге куәгер Г.-дан өз өміріне және отбасы мүшелерінің өміріне қауіп төніп тұрғандықтан, сот талқылауын жабық түрде өткізу туралы өтініш түсті.(...) Жоғарыда айтылғандардың негізінде, қылмыстық іске қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сот отырысының жабық өтуін өтінемін", - деді прокурор.

Мырзахметовтің адвокаттары бұл өтінішті қолдады.

Сот шешіміне сәйкес, іс бойынша сот отырысы жабық есік жағдайында өтеді.

Айта кетейік, 15 қаңтарда Астана сотында Мырзахметовтің ісіне қатысты алдын ала тыңдау өтіп, оған қандай баптар бойынша айып тағылғаны белгілі болды.

Оның ісі Қылмыстық кодекстің 28-бабы, 4-бөлігі, 367-бабының 4-бөлігі және 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша қаралып жатыр. Яғни, қылмыстық құқықбұзушылыққа итермелеу, аса ірі мөлшерде және бірнеше рет немесе адамдармен бірігіп пара беру, сондай-ақ аса ірі көлемдегі алаяқтық бойынша іс қаралуда.

Одан бөлек, бұл іске сотталған кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың ағасы Талғат Боранбаевтың да қатысы бар екені белгілі болды. Прокурордың айтуынша, Мырзахметов дәл оған қатысты заңға қайшы әрекеттер жасаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2056706-abylai-myrzaxmetovin-isine-qatysty-sot-otyrysy-zabyq-turde-otetin-boldy/