Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада Абылай Мырзахметовке қатысты іс бойынша алдын ала сот тыңдауы басталды

Опубликовано:

Абылай Мырзахметов
Абылай Мырзахметов. Фото: "Атамекен" ҰКП

Астанада "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметовке қатысты алдын ала сот тыңдауы басталды. Қылмыстық іс бірнеше бап бойынша қаралып жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бүгін сағат 15.00-де Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Абылай Мырзахметовке қатысты алдын ала сот тыңдауы басталды. Басты сот отырысы қашан өтетіні кейінірек белгілі болады.

Сот кеңсесінің мәліметінше, Мырзахметовтің ісі Қылмыстық кодекстің 28-бабы, 4-бөлігі, 367-бабының 4-бөлігі және 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша қаралып жатыр. Яғни, қылмыстық құқықбұзушылыққа итермелеу, аса ірі мөлшерде және бірнеше рет немесе адамдармен бірігіп пара беру, сондай-ақ аса ірі көлемдегі алаяқтық бойынша іс қаралуда.

Еске салайық, бұған дейін "Атамекен" ҰКП бұрынғы төрағасы Абылай Мырзахметов екі айға қамауға алынғаны туралы жазған едік.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет оны 10 мамырда ұстаған болатын.

Ол кәсіпкерді, оның туысын қылмыстық жауапкершіліктен босатуға жәрдемдескені үшін аса ірі көлемде пара беруге итермелеген деген күдікке ілінген.

Сондай-ақ сенат кулуарында Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Атамекен" ҰКП экс-басшысы Абылай Мырзахметовтің ұсталуына қатысты пікір білдірген еді.

Бұдан бөлек, Атамекен" ҰКП экс-басшысы Абылай Мырзахметовті қамауда ұстау мерзімі ұзартылғанын хабарладық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2055585-astanada-abylai-myrzaxmetovke-qatysty-is-boiynsa-aldyn-ala-sot-tyndauy-bastaldy/

pixel