Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мемлекет ондайды ешқашан кешірмейді": СІМ өкілі Тина Канделаки Қазақстанға кіргізілмейтінін айтты

Опубликовано:

Тина Канделаки
Тина Канделаки: instagram.com/tina_kandelaki

Танымал ресейлік тележүргізуші Тина Канделаки Қазақстанға кіргізілмейді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Брифингте журналистер Айбек Смадияровтан кейінгі мәлімдемелеріне байланысты Тина Канделакидің Қазақстанға кіруге тыйым салынған адамдар тізіміне енгізілген-енгізілмегінін сұрады.

"Бір, екі, үш деген нақты тізім жоқ. Ол тізім – жалпы әр мемлекеттің өзінің ішкі шарасы. Сізге біреу ұнамаса, үйіңізге кіргізбейсіз ғой. Тура сол сияқты біз де кіргізбейміз. Керек кезде шара қабылданады. "Оны бүгін кіргізесіздер ме, ертең кіргізесіздер ме?" деп талап етпеңіздер. Мемлекет ондайды ешқашан кешірмейді. Ол (Тина Канделаки) Қазақстанға келе қоймас, егер келсе кіргізілмейді", - деді ол.

Жақында Канделаки ресми Telegram-арнасында жазба жариялады, ол онда Қазақстанда кейбір теміржол станцияларының атауын өзгерту жоспарланғанын жазған. Оның пікірінше, "Қазақстанда орыс тілін мемлекеттік деңгейде шеттету жүріп жатыр".

"Республиканың Көлік министрлігі бірқатар темір жол станциясының атауын өзгертіп, орыс тіліндегі атауларды қазақ тіліне ауыстырғысы келді. Мысалы, "Уральск" станциясын "Орал", ал "Узень" атауын "Жаңаөзен" және тағы басқасын өзгерткісі келді", - деп жазды ол.

Тина Канделакидің бұл мәлімдемесіне қазақстандық тележүргізуші әрі журналист Динара Сәтжан өз Instagram парақшасында қатаң түрде жауап қатқанын жазған едік.

"Біріншіден, біз тәуелсіз, егемен мемлекетпіз. Орыстың "В чужой монастырь со своим уставом не лезут" деген жақсы мақалы бар! Сондықтан қай темір жол станциясын қалай атауды өзіміз шешейік.

Екіншіден, Қазақстан тәуелсіздік жылдарында кеңес билігі кезінде жоғалтқан ана тілін қайтарып жатыр.

Үшіншіден, орыс тілі біздің елде қазақ тілімен ресми түрде қатар қолданылады, ал қазақ тілі - мемлекеттік тіл. Бұл біздің Конституциямызда жазылған", - деп жазды ол.

Алайда Сәтжан теміржол станцияларының атауы ауыспағанын, қазақ тіліндегі аумақтық атауы қайтарылғанын айтты.

Көп ұзамай ресейлік тележүргізуші тағы мәлімдеме жасап, желі қолданушыларының ашуын туғызды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2056735-memleket-ondaidy-esqasan-kesirmeidi-sim-okili-tina-kandelakidin-qazaqstanga-kirgizilmeitinin-aitty/

pixel