jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Қазақстандықтарға Оңтүстік Корея мен Ұлыбританияда заңды түрде жұмыс істеу құқығы қашан беріледі

Көшеде тұрған кореялық полицей
Көшеде тұрған кореялық полицей. Көрнекі фото: Chris Jung/NurPhoto via Getty Images

Бүгін брифингте СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Оңтүстік Корея мен Ұлыбританияда қазақстандықтардың жұмыс істеу құқығы мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сыртқы істер министрлігі ресми өкілі Айбек Смадияров қазақстандықтарға Оңтүстік Кореяда жұмыс істеу құқығын беру мүмкіндігі туралы айтты. Ол Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі келіссөздер бастағанын атап өтті.

"Бұл әлі енгізілді я енгізілмеді дегенді білдірмейді. Біз тек келіссөздердің басталғаны туралы айтып отырмыз. Бұл қанша уақытқа созылатыны әзірге белгісіз. Бастысы, жұмыс басталды. Біз бұл мәселе бойынша кореялық тараппен жұмыс істеп жатырмыз. Британиямен де дәл осындай келіссөздер енді ғана басталды. Нәтижесі туралы айтуға әлі ерте", - дейді Смадияров.

Ресми өкіл Қазақстан билігінің бұл келіссөздерді бастау шешіміне не түрткі болғанын түсіндірді.

"Ол жаққа кететін біздің заңсыз мигранттар ағыны тоқтар емес. Оның үстіне бізде визасыз режим бар. Заңсыз мигранттар ағыны, әрине, туристерге, іскерлік байланыстарға және медициналық туризмге кері әсерін тигізеді. Біз бұл мәселені реттеуімізге тура келді", - деп қорытындылады сөзін СІМ ресми өкілі.

Бұған дейін Смадияров Оңтүстік Кореяда 20 мыңнан астам қазақстандық заңды түрде жұмыс істейтінін айтқан еді.

Айта кетейік, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан Оңтүстік Кореяның Employment permit System жүйесіне қосылуы мүмкін, оның арқасында қазақстандықтар бұл елде заңды түрде жұмысқа тұра алатынын мәлімдеген болатын.

Қазақстандықтарға Оңтүстік Корея мен Ұлыбританияда заңды түрде жұмыс істеу құқығы қашан беріледі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.