Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сейсмолог блогердің Алматыдағы жер сілкінісі туралы "болжамына" қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Сейсмограф
Сейсмограф. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Блогердің Алматыдағы жер сілкінісі туралы болжамына қатысты Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығының басшысы Дәулет Сәрсенбаев пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Сейсмикалық жағдай туралы болжам жасап жатқан блогерлердің қандай дереккөзге сүйенетінін білмейміз, бірақ адамдар шенеуніктерге емес, көрші чаттағы әңгімеге сеніп, түнде жаппай далаға шыға бастады... біз сейсмикалық аймақта өмір сүріп жатқанымызды ескеруіміз керек.

Жер сілкінісі кез келген уақытта болуы мүмкін, әсіресе Алматының тарихында бірнеше рет жойқын жер сілкінісі кездеседі. Біз дайын болуымыз керек. Оған қоса адам өліміне жер сілкінісінің өзі емес: ғимараттардың қирауы, өрт, құрылыстардың құлауы, сел, көшкін әкеп соғатынын ұмытпаған жөн. Біз жер сілкінісі кезінде не істеу керегін үйренген кезде ғана адам өмірін аман алып қала аламыз", деді спикер.

Еске сала кетейік, 23 қаңтарға қараған түні Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу және Қарағанды облыстарында жер сілкінісі сезілді.

Жерасты дүмпулері әсіресе Алматы тұрғындарына қатты сезілді. ТЖД ақпаратынша, Алматыда 5 балдық жер сілкінісі тіркелген. Алматының кей аудандарының тұрғындары жер сілкінісі кем дегенде 5 минутқа созылғанын жеткізді.

Жер сілкінісінің қайталануынан қорыққан Алматы тұрғындары жаппай көшеге шықты.

Бастапқыда Алматыда түнде болған жер сілкінісінен 8 адам зардап шеккені белгілі болды. Кейін олардың саны 44-ке жеткені хабарланды.

Бүгін таңда Алматы облысында тағы бір жер сілкінісі тіркелген – Алматыда жер сілкінісі 2-3 балл шамасында сезілген. Кейінірек алматылықтар тағы да жерасты дүмпулерін сезінді.

Сондай-ақ желіде Алматыда зілзала кезінде қаланың биіктен түсірілген видеосы жарияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2056999-seismolog-blogerdin-almatydagy-zer-silkinisi-turaly-bolzamyna-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel