jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Ардақ Құлтай
Ардақ Құлтай
Бұрынғы қызметкер

Зілзала кезінде жанармай құю бекеттеріне бару қауіпті ме: сарапшылар жауабы

Жанармай құю бекетіне келіп тұрған көліктер
Зілзала кезінде жанармай құю бекетіне келіп тұрған көліктер. Фото: Владимир Третьяков/NUR.KZ

Бүгін брифинг барысында Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаев қала тұрғындарын тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырып, ТЖ кезінде жанармай құю бекеттеріне бару қауіпті екенін ескертті. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми Telegram-арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Сарапшылар жер сілкінісі кезінде жанармай құю станциясына бармаған жөн дейді.

"Жойқын жер сілкінісі жағдайында қайталама факторлар – жарылыстар, өрттер болуы мүмкін. Қандай да бір себептермен біздің азаматтар ресми дереккөздерден алынған мәліметтерге сенбейді. Ең алдымен ресми ұйымдарға - ТЖД, құтқару қызметі, жергілікті атқарушы органға сенуге шақырамын.

Адамдар көрші чаттарына емес, өз ісімен айналысатын мамандарға сенуі керек. Біздің міндетіміз - журналистермен бірлесіп азаматтарға ресми деректерді жеткізу. Қоғамда төтенше жағдайларға ден қою мәдениетін тәрбиелеу қажет", - деп жауап берді сарапшылар.

Зілзала кезінде жанармай құю бекеттеріне бару қауіпті ме: сарапшылар жауабы

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.