Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Неге Алматыдағы жер сілкінісі Астанада да сезілді: министр жауап берді

Опубликовано:

Күндізгі Астана
Астана. Көрнекі фото: akorda.kz

Бүгін түнде Алматыда болған жер сілкінісін астаналықтар да сезінді. Үкіметте өткен брифингте ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мұның себебін түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жер сілкінісін алматылықтар ғана емес, Астана тұрғындары да сезген. Сондай-ақ зілзала Қазақстанның бірқатар өңірінде сезілген. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бұл афтершок салдарынан туындаған құбылыс екенін айтты.

"Бұл сейсмикалық толқын, Рихтер шкаласы бойынша шамамен 6,5-7 балл, дүмпу күші – сондықтан ол Қазақстанның бірнеше өңірінде сезілген. Бұл толқын дәл оңтүстіктен солтүстікке дейін жетті – ол толқын күшімен жоғарыға тараған, осылайша бізде сезілген. Сондықтан біз де осы жерде (Астанада – ред.еск.) әлсін болса да сездік", - деді министр Саясат Нұрбек.

Ғылым министрінің айтуынша, Астана Тұран платформасында орналасқан. Ол өте берік. Елорда тұрғындарының алаңдауына негіз жоқ.

"Бұл жай ғана афтершок дүмпу болды: тек ірі дүмпу еді. Уайымдауға себеп жоқ", - деп қосты министр.

Еске сала кетейік, 23 қаңтарға қараған түні Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу және Қарағанды облыстарында жер сілкінісі сезілді.

Жерасты дүмпулері әсіресе Алматы тұрғындарына қатты сезілді. ТЖД ақпаратынша, Алматыда 5 балдық жер сілкінісі тіркелген. Алматының кей аудандарының тұрғындары жер сілкінісі кем дегенде 5 минутқа созылғанын жеткізді.

Жер сілкінісінің қайталануынан қорыққан Алматы тұрғындары жаппай көшеге шықты.

Бастапқыда Алматыда түнде болған жер сілкінісінен 8 адам зардап шеккені белгілі болды. Кейін олардың саны 44-ке жеткені хабарланды.

Бүгін таңда Алматы облысында тағы бір жер сілкінісі тіркелген – Алматыда жер сілкінісі 2-3 балл шамасында сезілген. Кейінірек алматылықтар тағы да жерасты дүмпулерін сезінді.

Сондай-ақ желіде Алматыда зілзала кезінде қаланың биіктен түсірілген видеосы жарияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2057028-nege-almatydagy-zer-silkinisi-astanada-da-sezildi-ministr-zauap-berdi/

pixel