Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ди Каприоға киік еті консервіленіп жіберіле ме: Қазақстанның бас экологы жауап берді

Опубликовано:

киіктер
Киіктер. Көрнекі фото: pixabay.com

Экология министрі Ерлан Нысанбаев үкіметте өткен брифингте Леонардо Ди Каприоның Қазақстандағы киіктерге таңданысы және кейінгі уақытта олардың неге атылып жатқанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Журналистер Ерлан Нысанбаевтан ведомствоның жоспарында Леонардо Ди Каприоға киік етін консервіліп жіберу бар ма деп сұрады. Өйткені, танымал актер бұған дейін Қазақстандағы киіктердің жойылмай сақталуына таңғалған болатын. Ал қазір оларды ату жүріп жатыр, деді БАҚ өкілдері.

"Биологиялық негіздемеге сәйкес, бұл (ату – ред. ескертпесі) 20 ақпанға дейін жалғасады", - деді министр.

Сонымен қатар ол бүгінде атақты Голливуд актері Ди Каприо ғана емес, көптеген халықаралық ұйымдар да жойылып кетуге жақын жануар түрлерінің санын көбейте алғаны үшін Қазақстанға алғысын білдіріп, хат жолдап жатқанын айтты.

"Бұл үлкен жұмыс атқарылғанын көрсетеді. Бірақ халықаралық ұйымдар медальдің екінші жағы барын, бүгінгі күні оның зиянын тигізіп жатқанын және оны реттеу керек екенін түсінеді. Бұл тәжірибе әлемде бар. Германияда жыл бойы жабайы қабандар, ал Финляндияда бұғылар саны реттеледі. Әрине, біз адамдар өзіміз кінәліміз - біз өзін-өзі реттеу жүйесін бұздық. Ал бүгін Ауыл шаруашылығына және экожүйеге келтіретін зиянды азайту үшін біз олардың санын реттеуге мәжбүрміз.

Консервілерге қатысты айтар болсам: егер сатып жатса, міндетті түрде аламын, дәмін көремін. Негізі бұл туралы ойламаппын", - деді министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2057043-qazaqstannyn-bas-ekology-di-kaprioga-arnalgan-kiik-eti-konservileri-turaly-aitty/

pixel