Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұрғындар эвакуация туралы хабарлама алған жағдайда не істеу керек

Опубликовано:

Жер сілкінісінен кейін көшеге шыққан тұрғындар
Алматы. Жер сілкінісінен кейін көшеге шыққан тұрғындар. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

ТЖМ тұрғындар эвакуация туралы хабарлама алған жағдайда не істеу керектігі түсіндірілген видеонұсқау жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап хабарлады.

Ведомство өкілдері төтенше жағдайға байланысты эвакуация туралы хабарды естіген кезде мына әрекеттерді жасауды ескертті.

"Сабыр сақтап, міндетті түрде тиісті талаптарға сай әрекет етіңіз. Ең әуелі ауа райына сай киініп, құжаттарыңызды, құнды заттарыңызды алыңыз.

Тұрғын-жайдағы, кеңседегі электр қуатын, газды, суды, пешті сөндіріңіз. Сыртқы есіктерді құлттауды ұмытпаңыз.

Эвакуацияға жауапты тұлғаның бұйрығына сай әрекет жасап, қарттар мен науқастарға көмек көрсетіңіз", - делінген ТЖМ хабарламасында.

Еске сала кетейік, 23 қаңтарға қараған түні Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу және Қарағанды облыстарында жер сілкінісі сезілді.

Жерасты дүмпулері әсіресе Алматы тұрғындарына қатты сезілді. ТЖД ақпаратынша, Алматыда 5 балдық жер сілкінісі тіркелген. Алматының кей аудандарының тұрғындары жер сілкінісі кем дегенде 5 минутқа созылғанын жеткізді.

Жер сілкінісінің қайталануынан қорыққан Алматы тұрғындары жаппай көшеге шықты.

Бастапқыда Алматыда түнде болған жер сілкінісінен 8 адам зардап шеккені белгілі болды. Кейін олардың саны 44-ке жеткені хабарланды.

Бүгінгі таңда Алматы облысында тағы бір жер сілкінісі тіркелген – Алматыда жер сілкінісі 2-3 балл шамасында сезілген. Кейінірек алматылықтар тағы да жерасты дүмпулерін сезінді.

Сондай-ақ желіде Алматыда зілзала кезінде қаланың биіктен түсірілген видеосы жарияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2057059-turgyndar-evakuaciya-turaly-xabarlama-algan-zagdaida-ne-isteu-kerek/

pixel