Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ТЖМ-ге қарасты Сейсмология институтына 4-5 млрд теңгеге жуық инвестиция салу жоспарлануда

Жарияланған күні:

Читать на русском
Сейсмограф
Сейсмограф. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Министрлер кабинетінің кулуарында ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Сейсмология институтына шамамен 4-5 млрд теңге бөлу жоспарланып отырғанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Саясат Нұрбектің айтуынша, Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Сейсмология институтын қаржыландыруда тапшылық барын, сондай-ақ ғылыми әлеуетінің деңгейіне де қатысты мәселе бары Алматыдағы жер сілкінісінен кейін белгілі болған.

"Қазір біз алдын ала шамамен 4-5 млрд теңге бөліп жатырмыз. Бірақ нақты сома кейінірек, ғылыми-техникалық комиссияның отырысынан кейін белгілі болады.

Былтырдан бастап бізде арнайы бағдарлама бар. Биылдан бастап тиісті құрал-жабдықтар мен кадрлық әлеуетті күшейтуге үлкен қаржы бөлеміз. Төтенше жағдайлар министрлігімен келісе отырып, біз де осы институтты қолдау үшін бөлек қаржы бөліп жатырмыз", - деді министр.

Оның айтуынша, қаражат зондтарды кеңейтуге, цифрландыруға жұмсалады.

Еске сала кетейік, 23 қаңтарға қараған түні Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу және Қарағанды облыстарында жер сілкінісі сезілді.

Жерасты дүмпулері әсіресе Алматы тұрғындарына қатты сезілді. ТЖД ақпаратынша, Алматыда 5 балдық жер сілкінісі тіркелген. Алматының кей аудандарының тұрғындары жер сілкінісі кем дегенде 5 минутқа созылғанын жеткізді.

Жер сілкінісінің қайталануынан қорыққан Алматы тұрғындары жаппай көшеге шықты.

Бастапқыда Алматыда түнде болған жер сілкінісінен 8 адам зардап шеккені белгілі болды. Кейін олардың саны 44-ке жеткені хабарланды.

Бүгінгі таңда Алматы облысында тағы бір жер сілкінісі тіркелген – Алматыда жер сілкінісі 2-3 балл шамасында сезілген. Кейінірек алматылықтар тағы да жерасты дүмпулерін сезінді. Түс қайта Алматы тағы да жер сілкінді.

Сондай-ақ желіде Алматыда зілзала кезінде қаланың биіктен түсірілген видеосы жарияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2057069-tzm-ge-qarasty-seismologiya-institutyna-4-5-mlrd-tengege-zuyq-investiciya-salu-zosparlanuda/