jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Алматы қаласы ТЖД жаңа дабыл жүйесін сынақтан өткізіп жатқанын хабарлады

Дабыл
Дабыл жүйесі. Көрнекі фото: pexels.com

Алматыда жер сілкінісін ерте хабарлаудың автоматты жүйесі бірінші жартыжылдықтың соңына дейін сынақтан өтеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап хабарлады.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, былтыр қала бойынша автоматтандырылған алдын ала ескерту жүйесінің 28 сейсмикалық стансасының құрылысы аяқталды.

Жоба кезең-кезеңімен жүзеге асырылды: 2022 жылы 11 сейсмикалық станция, 2023 жылы 17 сейсмикалық станция салынды.

ТЖД мәліметінше, қазіргі уақытта жүйе пайдалануға беріліп, тестілеу кезеңінен өтуде және сынақ режимінде. Тестілеу кезеңі шамамен бірінші жартыжылдықтың соңына дейін жалғасады.

Айта кетейік, бүгін таңертең Қырғызстан мен Қытайдың сейсмологтары тағы да екі жер сілкінісін тіркеген болатын. Қазақстанда бұл жер дүмпулері сезілмеген.

Сонымен қатар 24 қаңтарға қараған түні Алматыда 2 балдық жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің ошағы Қытайдың оңтүстік астанасынан оңтүстік-шығысқа қарай 273 шақырым жерде орналасқан.

Алматы қаласы ТЖД жаңа дабыл жүйесін сынақтан өткізіп жатқанын хабарлады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.