Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шүкіжанованың орнына мәжіліске Нұрлан Қоянбаев не Бейбіт Әлібеков баруы мүмкін бе

Опубликовано:

Нұрлан Қоянбаев
Нұрлан Қоянбаев. Фото: Instagram/koyanbayevnurlan

Бүгін мәжіліс кулуарында Respublica партиясының жетекшісі Айдарбек Қожаназаровқа "Отставкаға кеткен Динара Шүкіжанованың орнына кім баруы мүмкін?" деген сұрақ қойылды. Бул туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Respublica партиясының партиялық тізімінде шоумен Нұрлан Қоянбаев, сондай-ақ блогер Бейбіт Әлібеков бар. Қожаназаров "Мәжілісте босаған депутаттық орынға осы екі танымал адамның бірі ие болуы мүмкін бе?" деген сұрақ төңірегінде пікірін айтты.

"Басқалар сияқты бізде де партиялық тізім бар. Орталық кеңеспен кездесуді жоспарлап отырмыз. Бір аптаның ішінде шешеміз. Үміткерлер бар. Олардың парламентке келуі екіталай (Әлібеков немесе Қоянбаев - ред. ескертпесі), онда басқа жігіттер бар.

Дауыс береміз. Бізде Динара Шүкіжанова болған комитеттің құрамына кəсіпкерлік тəжірибесі келетін бірнеше адам бар. Таңдаймыз.

Шынымды айтсам, қазір айту қиын, себебі əрқайсымыздың өз ойымыз бар. Енді біз ойымызды ортаға саламыз. Динара Шүкіжанованың да ұсынатын адамдары бар", - деді Қожаназаров.

Еске салсақ, бүгін парламенттің төменгі палатасының жалпы отырысында Динара Шүкіжанова депутаттық мандатын ресми түрде тапсырғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2057269-sukizanovanyn-ornyna-maziliske-nurlan-qoyanbaev-ne-beibit-alibekov-baruy-mumkin-be/

pixel