Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Динара Шүкіжанованың депутаттық өкілеттігі тоқтатылды

Опубликовано:

Динара Шүкіжанова
Динара Шүкіжанова. Фото: instagram.com/dinarashukizhanova

Бүгін парламенттің төменгі палатасының жалпы отырысында Динара Шүкіжанова депутаттық мандатын ресми түрде тапсырды. Оның шешімін мәжіліс депутаттары қолдады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов мәжіліс депутаты Динара Шүкіжанованың өз еркімен депутаттық мандатын тапсыру туралы арыз жазғанын айтты.

Депутаттар оның шешімін қолдады. Осылайша ол мәжіліс депутаты мандатын ресми түрде тапсырды.

"Құрметті Ерлан Жақанұлы, құрметті әріптестер! Өзім үшін қиын шешім қабылдадым, мәжілістен кетіп, облыстағы өндіріске оралу. Әрине, менің барлық депутаттық бастамамды партиядағы әріптестерім жалғастырады. Respublica партиясында қаламын, партияның тең төрағасы ретінде және халық пен бизнестің мүддесін қорғауды жалғастырамын.

Мен өндірісте, өнеркәсіпті дамытуда және Қазақстанға жаңа инвесторларды тартуда ел экономикасына көбірек пайда әкелетініме сенімдімін", – деді Динара Шүкіжанова.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.

Естеріңізге сала кетейік, Шүкіжанованың мәжіліс депутаттығынан кететіні кеше белгілі болды.

Мәжілістің ресми сайтында Динара Шүкіжанова Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі екені айтылған. Ол 1987 жылы 15 қаңтарда Қостанай облысының Қарасу ауданында дүниеге келген.

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университетін қаржы мамандығы бойынша, Халықаралық бизнес университетін мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша бітірген, МВА дәрежесіне ие. 2008 жылы Рудный қаласындағы "ССКӨБ" АҚ бас бухгалтер қызметін атқарды.

2009-2011 жылдары жеке компанияда қызметкерлер бойынша менеджер болды. 2011 жылы "Агромашхолдинг KZ" АҚ-ға жұмысқа шақырылып:

  • 2011 жылдан 2014 жылға дейін баспасөз хатшысы және HR-басқарма бастығы лауазымдарын атқарды;
  • 2016 жылы ұйымдастырушылық даму жөніндегі Басқарушы директор лауазымына ауыстырылды. Бұдан әрі 2018 жылға дейін басқарма төрағасының мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді;
  • 2018 жылы атқарушы директордың бірінші орынбасары, компанияның бірінші вице-президенті лауазымына тағайындалды.
  • 2022 жылы "Агромашхолдинг KZ" АҚ президенті қызметін атқарды.

2023 жылғы наурызда парламент мәжілісінің депутаты атанды. Ол Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығына мүше.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2057220-dinara-sukizanova-deputattyq-mandatyn-resmi-turde-tapsyrdy/

pixel