jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Төтенше жағдайда жедел хабарлау жүйесі қалай жұмыс істейді: Бағдат Мусин түсіндірді

Хабарландыру
Хабарландыру. Фото: t.me/bagdat_mussin_official

Қазақстанда төтенше жағдайларда азаматтарды жедел хабарлау жүйесі Cell Broadcast технологиясы сынақтан өткізілді. Министр Бағдат Мусин технология қалай жұмыс істейтінін Telegram-дағы арнасында түсіндіріп берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Министрдің сөзінше, 2022 жылдан 2023 жылға дейін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп, Cell broadcast технологиясын қолдану арқылы төтенше жағдайларда азаматтарды жедел хабарлау жүйесін сынақтан өткізді.

Бағдат Мусин бұл жүйе дәстүрлі SMS-хабарламаларынан ерекшеленетін жаппай ескертуге бағытталған жаңа тәсіл болып саналатынын айтты.

"Оның абоненттерге жолданатын бір реттік SMS-ескертулерден айырмашылығы бар. Яғни, Cell broadcast технологиясы миллиондаған азаматты белгілі бір аумақтағы төтенше жағдайлар туралы дер кезінде хабардар етуге, ескерту хабарламасын жедел және жаппай таратуды қамтамасыз етуге арналған. Cell broadcast жүйесі табиғи апаттар (мысалы, су тасқыны, өрт) немесе террористік жағдайлар сияқты төтенше жағдай туралы дереу хабарлауды қажет ететін жағдайларда пайдаланылады", - деді ол.

Төтенше жағдайда жедел хабарлау жүйесі қалай жұмыс істейді: Бағдат Мусин түсіндірді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.