Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Блок-бекет қойыңдар": депутат Астанаға келушілерге қатысты мәселе көтерді

Опубликовано:

Өткізу-бақылау бекетінде тұрған жүк көліктері
Өткізу-бақылау бекеті. Көрнекі фото: Emmi Korhonen/Lehtikuva/AFP via Getty Images

Бүгін елорда мәслихатының депутаты Азамат Айтхожин Астананың кіреберісіне бақылау-өткізу бекетін орнатуды ұсынды. Бұл жөнінде KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Азамат Айтхожин Астанаға кіретін жолдарға бақылау-өткізу бекеттерін қоятын кез келгенін айтты.

"Мұны бірнеше рет айттық. Баяндамада күніне 200-250 мың адамның көші-қоны жүретіні айтылған (2023 жылға арналған статистика – ред. ескертпесі). Біз қалаға бұзылған ет әкелініп жатқаны туралы мәселені бірнеше рет көтердік. Бұл – бір. Бүгінде елордаға есірткі әкелінуде – екі. Сонымен қатар оңтүстік өңірлерден адамдар келіп жатыр, біз олардың өткен өмірінен бейхабармыз және т.с.с.

Бүгін қаланың кіреберісіне бақылау бекеттерін қоятын кез келді деген мәселені ешкім көтерген жоқ. Бүгінде бізде 4-5 бағытта бақылау бекеттері бар. Неге осы мәселені көтермейміз?", - деді депутат.

Ол көптеген адам елордаға келуге құлшынатынын атап өтті.

"Блок-бекет мәселесін тез арада көтеру керек. Театр ілгіштен басталады. Дұрыс па? Кім көрінген кіреді. Оңтүстік Қазақстанға Өзбекстан мен Қырғызстан азаматтары келіп жатыр, шекараны кесіп өтеді. Дұрыс емес (құжаты - ред. ескертпесі). Бүтін бір автобус жалдайды, өтінемін, кетіңіздер. Барлығы астанаға қарай ұмтылады. Блок-бекет қойыңдар – болды", - дейді ол.

Азамат Айтхожиннің пікірінше, мұндай шаралар есірткінің жолын кеседі әрі заңсыз мигранттардың келуіне тосқауыл қоюға және басқа да мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

Ал елордалық полиция департаменті бастығының орынбасары Дәурен Қазыбеков бақылау бекеттерін орнату мәселесі қаралып жатқанын айтты.

"Полиция департаментінің басшылығы бұл мәселені Ішкі істер министрінің алдына көтерген. Негізінде министр бұл мәселені мақұлдайды деп ойлаймын", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2057574-blokpost-qoiyndar-deputat-astanaga-kelusilerge-qatysty-masele-koterdi/

pixel