Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жер сілкінісі кезінде жалған ақпарат таратқан әйел анықталды

Опубликовано:

Құжат толтырып отырған полицей
Полиция қызметкері. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Жер сілкінісі туралы жалған ақпарат таратқан әйел табылды. Ол мессенджерлер арқылы жойқын зілзала болады деп, сағатына дейін айтып, елді одан сайын дүрліктірген, деп хабарлайды "КТК" телеарнасы.

"Қатты жер сілкінісі қайта болады, қаладан шығып, қашыңыздар" деп әлеуметтік желіде үндеу тастаған. Бұндай хабарламалар үрей, дүрбелең туғызды. Сондықтан барлық азаматтарға айтатыным, жалған ақпарат таратпаңыздар, таратуға себепкер болмаңыздар.

Содан соң әр ақпаратты жіті зерделеп, тек ресми дерек көздерден алынған ақпаратқа қана сенулеріңізді сұраймын", - дейді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Телеарнаның полиция департаментінің ресми өкіліне сілтеме жасап хабарлауынша, бірнеше адам анықталып, қазір оларды жауапқа тарту бойынша жұмыс жалғасып жатыр.

Ал 1995 жылы туған Ж. есімді азаматтың кінәсі дәлелденсе, ірі мөлшерде айыппұл төлейді немесе Қылмыстық кодексте қарастырылғандай үш жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Шындыққа жанаспайтын өзге де аудиожазбалардың авторларын анықтауға бағытталған іс-шаралар әлі жүргізіліп жатыр.

Дереккөз: "КТК" телеарнасы

Еске салсақ, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда Сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері жөнінде кеңесте жер сілкінісі кезінде жұртты әдейі дүрліктірген адамдарды заңға сәйкес жазаға тарту қажет екенін айтқан еді.

Ал полиция қызметкерлері жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2057617-almatyda-zer-silkinisi-kezinde-zalgan-aqparat-taratqan-aiel-anyqtaldy/

pixel