Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жер сілкінісі туралы жалған ақпарат таратқан екі алматылық қандай жазаға тартылды

Опубликовано:

Смартфондағы әлеуметтік желілер
Смартфон. Көрнекі фото: pexels.com

Алматыда жер сілкінісі туралы жалған ақпарат таратқан екі адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл жөнінде қалалық прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Алматы қаласы прокуратурасының ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, жер сілкінісі аясында әртүрлі әлеуметтік желілерде және мессенджер чаттарында табиғи апаттың салдары туралы көрінеу жалған хабарламаларды орналастыру фактілері тіркелді, бұл тұрғындар арасында дүрбелең мен қоғамдық резонанс тудырды.

Мұндай әрекеттерді жасау фактілері бойынша қазіргі уақытта 1995 және 2006 жылғы екі әйелдің жеке басы анықталды.

"Аталған тұлғалар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 456-2-бабының 3-бөлігі (онлайн-платформаларды пайдаланушылардың қоғамдық тәртіптің, азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерінің бұзылуына жағдай жасайтын жалған ақпаратты орналастыруы, таратуы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса) бойынша 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түрінде жаза қолданумен әкімшілік жауаптылыққа тартылды", - деп мәлімдеді прокуратура өкілдері.

Қадағалаушы орган бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатқанын атап өтті.

Бұған дейін жер сілкінісі туралы жалған ақпарат таратқан бір әйел адам табылғанын жазған едік.

Еске салсақ, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда Сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері жөнінде кеңесте жер сілкінісі кезінде жұртты әдейі дүрліктірген адамдарды заңға сәйкес жазаға тарту қажет екенін айтқан еді.

Ал полиция қызметкерлері жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2057790-almatyda-zer-silkinisi-turaly-zalgan-aqparat-taratqan-eki-adam-zazaga-tartyldy/

pixel