Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан тұрғын туралы бағыттама жарияланды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Нұрболат Дәкебаев
Нұрболат Дәкебаев. Фото: qamqor.gov.kz

Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу порталында Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жықты деп күдікке ілінген ер адам туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ресми сайт мәліметінше, 28 қаңтарда Қарағанды облысында 1987 жылы 6 желтоқсанда туған Нұрболат Дәкебаевқа қатысты іздеу ісі қозғалған.

Іздестіру бастамашысы – Қазақстан республикасы Ішкі істер министрлігі.

Іздестіруді жүргізетін орган: Жаңа-Майқұдық полиция бөлімі.

Айта кетейік, бұған дейін Қарағанды тұрғыны жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққаны туралы жазған болатынбыз. Өңірлік полиция оқиғаға қатысты пікір білдіріп, жедел жәрдем қызметкеріне күш көрсеткен ер адамның анықталғанын хабарлады. Қазір оны іздестіріп жатыр.

Кейін денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният болған жайтқа пікір білдіріп, зардап шегушінің жағдайын айтты.

Оның сөзінше, жүргізушіге мидың шайқалуы, мұрын сүйегінің сынуы, қабырғаның жабық сынуы, көздің гематомасы диагнозы қойылған.

Бұдан бөлек, Қарағанды облысының әкімі жедел жәрдем қызметкерін соққыға жығу оқиғасына қатысты пікір білдірген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2058017-qaragandyda-zedel-zardem-zurgizusisin-soqqyga-zyqqan-turgyn-turaly-bagyttama-zariyalandy/