jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

Екібастұзда ер адам толғағы қысқан әйелін үйде босандырып алды

Сәбидің аяғы
Сәби. Көрнекі фото: pixabay.com

28 қаңтарға қараған түні Екібастұзда 36 жастағы әйелдің толғағы басталған. Жедел жәрдем бригадасы жетіп үлгергенше әйелді үйінде күйеуі босандырып алған, деп жазады pavlodarnews.kz сайты.

Басылым ақпаратынша, әйел жүктіліктің 41-аптасында болған. Жедел жәрдем бригадасы шақыртудан соң тоғыз минуттан кейін жеткен. Сол уақыт аралығында толғақ қысқан әйелін үйде күйеуі босандырып алған. Жедел жәрдем диспетчері жүкті әйелдің жолдасына телефон арқылы нұсқау беріп отырған. Медицина қызметкерлері жеткен кезде келіншек босанып үлгерген.

"Ер адам қорқынышқа бой алдырмай, белгіленген алгоритм бойынша әрекет етті. Дүниеге келген сәби мен анасының жағдайы жақсы. Олардың екеуі де Екібастұздың перзентханасына жеткізілді", – дейді облыстық жедел жәрдем станциясы басшысының орынбасары Ольга Вербовая.

Өткен жылы өңірде 103 қызметкерлері 22 әйелді үйде босандырған. Ал биыл алты әйел үйінде босанған екен.

Екібастұзда ер адам толғағы қысқан әйелін үйде босандырып алды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.