Алматыдағы су құбыры желілері жер сілкінісіне төтеп бере ала ма: министр жауап берді
Жарияланған күні:
Читать на русскомБүгін Үкімет отырысында су ресурстары және ирригация министрі Алматыдағы су құбыры желілері жер сілкінісіне төтеп бере ме деген сұраққа жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлады.
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовке желілер мен су қоймалары жер сілкінісіне төтеп бере ме деген сұрақ қойылды.
"Алматыда ірі су қоймалары жоқ, ауыз су жер асты су көздері арқылы қамтамасыз етіледі.
Барлық жүйе, ауыз су бүгінде құрылыс нормалары негізінде жасалған, сондықтан осы жер сілкінісі кезінде қала тұрғындарын сумен қамтамасыз етуде ешқандай олқылық болған жоқ", - деді министр Нұржан Нұржігітов.
Еске сала кетейік, 23 қаңтарға қараған түні Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу және Қарағанды облыстарында жер сілкінісі сезілді.
Жерасты дүмпулері әсіресе Алматы тұрғындарына қатты сезілді. ТЖД ақпаратынша, Алматыда 5 балдық жер сілкінісі тіркелген. Алматының кей аудандарының тұрғындары жер сілкінісі кем дегенде 5 минутқа созылғанын жеткізді.
Содан бері Қазақстанда 2,5 мыңға жуық афтершок тіркелген. Тұрғындар оның тек 12-сін сезген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2058218-almatydagy-su-qubyry-zelileri-zer-silkinisine-totep-bere-ala-ma-ministr-zauap-berdi/