Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда зиян тағамдарға салық салына ма: министр жауап берді

Опубликовано:

Әлібек Қуантыров
Әлібек Қуантыров. Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Бүгін үкіметте өткен брифингте ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровқа депутаттардың "зиян" тағамдарға салық салу жөніндегі ұсынысы жайында сұрақ қойылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров бұл ұсыныстан хабардар екенін айтты.

"Менің ойымша, бұл жерде эмоцияға ерік берудің қажеті жоқ: барлығын мұқият зерделеу керек. Өйткені белгілі бір салық болса, бір жерде бизнес тұралап қалуы мүмкін. Қандай да бір шектеу жасқа қарай енгізелетін болса, әңгіме басқа.

Білмеймін, мұны сарапшылармен де, бизнеспен де мұқият зерделеу керек. Шешімді таразылау керек.

(...) Бұлкүрделі мәселе. Оны бірден алып енгізе салуға болмайды (салық - ред.ескертпесі), оны мұқият зерделеу керек", - деді министр.

Министр зерделеу кезінде қосымша сұрақтар туатынын, соның ішінде ұсынылып отырған салықты кім төлейтіні: тұтынушылар ма, әлде өндірушілер ме, осы жайында мәселе туындайтынын айтты.

Еске салайық, Қазақстанда жаңа "азық-түлік салығын" енгізу туралы ұсынысты жуырда депутат Бибігүл Жексенбай айтқан еді.

Оның пікірінше, Қазақстанда "зиян" деп аталатын тағамдарға тыйым салынып, зиян тағамдар мен қант қосылған түрлі энергетикалық сусындарға қосымша салық салынуы керек.

Ал Мәжіліс депутаты Магеррам Махаррамов Қазақстанда зиян өнімдерге салық енгізуді былтыр мамырда да ұсынған еді.

Депутат мұндай тәжірибе әлемде кең тарағанын айтып, Қазақстандағы аз қамтылған отбасыларға денсаулыққа пайдалы өнімдерге ваучер беруді де ұсынған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2058244-qazaqstanda-ziyan-tagamdarga-salyq-salyna-ma-ministr-zauap-berdi/

pixel