Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қаңтар оқиғасы кезінде полиция ҰҚК қызметкерлеріне оқ атты ма: ІІМ басшысы жауап берді

Опубликовано:

ҰҚК қызметкері
ҰҚК қызметкері. Көрнекі фото: Facebook.com/knbgovkz

Мәжіліс кулуарында ішкі істер министрі Ержан Сәденов қаңтар оқиғасы кезінде құқық қорғау органдары ҰҚК қызметкерлеріне оқ жаудырды ма деген сұраққа жауап білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Ержан Сәденов қаңтар оқиғасы бойынша істердің арнайы прокурорлар тергейтінін еске салды. Сондай-ақ ол бұл мәселеге қатысты пікір білдіре аламайтынын мәлімдеді.

"Полиция белгілі бір істер, ұрлық бойынша тергеу жүргізді. Сондықтан бұл жерде кез келген арыз, сіз айтқандай мәлімдемелерді де естідім. Бұл тексеріліп, бағасы беріледі", - деді Ішкі істер министрлігінің басшысы.

Еске салайық, 24 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласында қару арсеналы жасырылған орынды анықтаған болатын.

ҰҚК ақпаратынша, "Калашников" автоматтарын, тапаншалар мен мылтықтарды қоса алғанда 30 қару-жарақ, сондай-ақ 5 граната, 10 түтіндету құтысы және әртүрлі калибрдегі 221 патрон табылған.

"Алдын ала деректер бойынша табылған қару "қаңтар оқиғасы" кезінде ұрланған", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2058471-qantar-oqigasy-kezinde-policiya-uqk-qyzmetkerlerine-oq-atty-ma-iim-bassysy-zauap-berdi/

pixel