Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қар, боран, 15 градус жылы": синоптиктер ақпан айына арналған ауа райы болжамын ұсынды

Опубликовано:

Қыс мезгілі
Қыс мезгілі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ақпан айының алғашқы он күндігінде Қазақстанда қар жауып, боран соғады. Дегенмен айдың ортасы мен соңына қарай күн жылынады деп болжануда. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында хабарланды.

Консультативті синоптикалық ауа райы болжамына сәйкес ақпан айында республиканың басым бөлігінде орташа айлық ауа температурасы нормадан 1-2° жоғары, Шығыс Қазақстан облысында, Алматы мен Жетісу облыстарының оңтүстік-шығыс жартысында, Түркістан, Жамбыл және Абай облыстарының тау және тау бөктеріндегі аудандарында норма шамасында болады деп күтілуде.

Ақпан айында жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде климаттық норма шамасында, Атыра, Қостанай облыстарының солтүстік жартысында, еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерінің тау және тау бөктеріндегі аудандарында нормадан көп болады деп болжануда.

Республиканың солтүстік жартысында жауын-шашын көбінесе қар түрінде, оңтүстік жартысында жаңбыр, қар түрінде жауады деп күтілуде. Сондай-ақ тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, елдің солтүстік жартысында жаяу бұрқасынмен  күтіледі.

Болжам бойынша ақпанның бірінші онкүндігінің басында елдің басым бөлігінде қар, бұрқасын, кезеңнің ортасында және соңында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Ақпан айының басында оңтүстік облыстардың таулы аймақтарында кейде қатты қар жауады деп болжануда. Одан бөлек, өңірлерде ауа райы тұрақсыз болып, тұман, көктайғақ және желдің 15-28 м/с дейін күшеюі күтіледі.

Республиканың батысында ақпан айының басында, бірінші онкүндіктің ортасына қарай басым бөлігінде ауа температурасы жоғарылайды, күндіз оң мәндерге дейін көтерілуі күтіледі: солтүстік жартысында -3...+2°С дейін, оңтүстігінде +5...+15°С дейін.

Ақпанның бірінші онкүндігінің соңында елдің солтүстік-батыс жартысында, содан кейін қалған өңірлерде температуралық фон төмендейді деп болжанады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2058486-qar-boran-15-gradus-zyly-sinoptikter-aqpan-aiyna-arnalgan-aua-raiy-bolzamyn-usyndy/

pixel