Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан мектептеріне "жыныстық тәрбие" пәнін енгізу керек пе: министрлік өкілі жауап берді

Опубликовано:

Мектеп
Мектеп. Көрнекі сурет: pexels.com

Сенат кулуарында оқу-ағарту вице-министрі Наталья Жұмаділдаева мектептерге "жыныстық тәрбие" пәнін енгізу мәселесі жөнінде қойылған сауалға жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Вице-министрдің айтуынша, тәрбие "екі жаққа ортақ процесс" және кейбір дүниелерді алдымен анасы не әкесі жеткізуі керек.

"Бүгінгі күні жыныстық тәрбие биология пәні аясында, басқа пәндер аясында қамтылған, сонымен қатар сынып жетекшілері сынып сағаттарында жеткілікті түрде беріп отыр, бірақ пәнді ("жыныстық тәрбие" - ред. ескерт.) енгізуге келсек, бүгінде біз мұны істей алмаймыз.

Өйткені олар қажет дәрежеде оқу пәндері арқылы жүргізіледі. Онда адам анатомиясы және басқа да жайттар оқытылады. Ал сіз айтып отырған мәселеге келсек, бұл ата-ананың міндетіне кіреді. Алдағы уақытта да, ең алдымен, балаларын әлеуметтік есеюге қалай дайындау керек екені жөнінде ата-аналармен жұмысты жалғастырамыз", — деді Жұмаділдаева.

Ата кетейік, жақында балалар омбудсмені Динара Зәкиева Астанада оқушы қыздың зорланғанын хабарлаған еді. 31 қаңтар күні Ішкі істер министрлігінің өкілі бұл іс бойынша кәмелетке толмаған төрт бала ұсталғанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2058650-qazaqstan-mektepterine-zynystyq-tarbie-panin-engizu-kerek-pe-ministrlik-okili-zauap-berdi/

pixel