Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық қордың ақшасын алғаш болып қай өңірдің студенттері пайдаланғаны белгілі болды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Ақша санап отырған қыз бала
Ақша санап отырған қыз бала. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бүгіннен бастап 18 жасқа толған қазақстандықтар "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы аясында жинақталған қаражатты ала алады. Қаражатты алғаш болып кімдер пайдаланғаны белгілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Отбасы банктің" ресми сайтына сілтеме жасап.

2024 жылғы 1 ақпаннан бастап 18 жасқа толған қазақстандықтар Ұлттық қордан бөлінген ақшаны ала алады.

Оны "Отбасы банктің" enpf-otbasy.kz платформасы арқылы онлайн режимде жүзеге асыруға болады.

"Отбасы банк" мәліметінше, enpf-otbasy.kz платформасын бүгін ең алғашқы болып Тараз және Шымкент қалаларының студенттері пайдаланған.

enpf-otbasy.kz платформасында ең бірінші болып шот ашқан М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің екінші курс студенті Диас Болат. Ол – болашақ мұғалім. 18 жастағы студент "Ұлттық қор – балаларға" жобасынан аударылған қаражатты "Отбасы банктің" депозитіне салып, болашақта баспана алуға қаражат жинаймын деп жоспарлап отырғанын айтады.

"Ұлттық қор-балаларға" жобасының тағы бір қатысушысы – Шымкент қаласының тумасы, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бірінші курс студенті Дастан Ахмет. Ол enpf-otbasy.kz платформасы арқылы шот ашып қана қоймай, бірінші болып БЖЗҚ-дан өз төлемдерін сұратып үлгерген.

"Қаражат БЖЗҚ-дан оның "Отбасы банктегі" ағымдағы шотына аударылғаннан кейін, ол оқуына төлейтін қаражаттың бір бөлігін өтей алады. Болашақ IT маманы ақылы бөлімде оқиды екен. Ал Ұлттық қор төлемдері студенттің отбасылық бюджетіне жүктемені жеңілдетеді", - дейді "Отбасы банк" өкілдері.

Сондай-ақ "Отбасы банктің" өкілдері биыл кәмелетке толған 300 мыңнан астам қазақстандық Ұлттық қордан өз төлемдерін ала алатынын еске салды.

Айта кетейік, 2024 жылғы 31 қаңтардан бастап "Ұлттық қор – балаларға" жобасы аясында қазақстандық балаларға ақша түсе бастады. Балалардың шоттарына 100,52 доллардан (Ұлттық банктің ресми бағамы бойынша 45 050 теңге) қаражат түсті.

Осыған байланысты Қаржы вице-министрі неліктен балаларға Ұлттық қордан 170 доллар емес, 100 доллар түскенін түсіндірген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2058711-ulttyq-qordyn-aqsasyn-algas-bolyp-tarazdyq-zane-symkenttik-studentter-paidalandy/