Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда балабақшада шкаф құлады: топ тәрбиешісі жазаланды

Опубликовано:

Балабақша бөлмесі
Балабақша бөлмесі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Оралда балабақшада шкафтың құлауына байланысты тәрбиеші жауапқа тартылды. Бұл туралы Қазақпарат хабарлады.

Басылым мәліметінше, қалалық білім басқармасы шкафтың құлауына байланысты зерделеу жүргізген.

"Болған жағдайға байланысты зерделеу жүргізілді. Топ тәрбиешісіне қызметтік міндетін тиісті деңгейде атқармай, балалардың өмірі мен денсаулығына зақым келуіне жол бергені үшін қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза берілді", - деп хабарлады ведомстводан.

Ал БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның жай-жапсары анықталып жатқанын жеткізді.

Айта кетсек, бүгін, 1 ақпанда Оралдағы балабақшалардың бірінде шкаф құлап, төрт бүлдіршін мен бір әйел зардап шеккен болатын. Дәрігерлердің тексерісінен кейін оларға амбулаторлық ем тағайындалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2058725-oralda-balabaqsada-skaf-qulady-top-tarbiesisi-zazalandy/

pixel