13 градус аяз, қар: жұмада Қазақстан мегаполистерінде ауа райы қандай болады
Жарияланған күні:
Синоптиктер Астана, Алматы мен Шымкентте 2 ақпанда ауа райы қандай болатынын болжады. Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Метеорологтардың мәліметінше, бүгін Алматыда қар жауады. Күндіз ауа температурасы -3 градусқа дейін көтеріліп, түнде -8 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 3,5 м/с.
Астанада да қар жауады. Күндіз ауа температурасы -10 градусқа дейін жетіп, түнде -13 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 6,5 м/с.
Шымкентте де бүгін қар жауады деп күтілуде. Күндіз ауа температурасы 0 градус шамасында болса, түнде -7 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 5,5 м/с деңгейінде болмақ.
Еске сала кетсек, бұған дейін синоптиктер ақпан айында ауа райы қандай болатынын болжаған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2058743-13-gradus-ayaz-qar-zumada-qazaqstannyn-iri-qalalarynda-aua-raiy-qandai-bolady/
Жарияланымға реакцияңыз?
Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар
Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.