Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Енді NUR.KZ-те автоматтандыру көмегімен жасалған мақалаларды ажыратуға болады

Опубликовано:

Робот
Робот. Фото: NUR.KZ

Кей жаңалықтарды жазу үдерісін автоматтандыру оқырмандармен ақпаратты әлдеқайда жылдам әрі тиімді бөлісуге көмектеседі. Енді сіз қай мақалалардың автоматтандыру арқылы жасалғанын және қайсысын біздің журналистер жазғанын нақты біле аласыз.

NUR.KZ мақала жазу кезінде дәстүрлі тәсілдерден бөлек, заманауи технологияларды да қолданып жатады. Оларға, мысалы, бұған дейін жазғанымыздай, кей жаңалықтарды автоматтандыру көмегімен әзірлеу жатады.

Бұл қалай іске асырылады

Автоматтандыру дегеніміз не? Бұл тәсілмен әзірленген жаңалықтар конструктор сияқты құрастырылған. Біздің техникалық топ әзірлеген арнайы алгоритмді пайдалана отырып, өзекті деректер алдын ала дайындалған мәтін үлгісіне енгізіледі. Бұл қосымша деректер мен талдауды қажет етпейтін белгілі бір тақырып бойынша ақпаратты іздеу процесін жылдамдатуға көмектеседі. Әрине, журналистің қатысуын, зерттеуді, талдауды, салыстыруды, сараптамалық түсініктемелерді немесе оқиға орнында хабарлауды қажет ететін материалдарға автоматтандыру тәсілі қолданылмайды.

Ауа райы, спорттық іс-шаралардың нәтижелері немесе бір күн бойынша валюта бағамы туралы өзекті деректері бар қарапайым мақалаларды жариялау үшін редакторға тек алгоритм ұсынған ақпаратты тексеру жеткілікті. Біз автоматтандыру тәсілін пайдалану материалды жасау процесіне редактор мүлде қатыспайды дегенді білдірмейтінін атап өтеміз. Алгоритмді қолданатын барлық материалды редактор жарияламас бұрын мұқият тексереді.

Неліктен біз алгоритмді қолданамыз

Мақалаларды автоматтандыру тәсілімен жасаудың негізгі артықшылықтары қатарынан мыналарды атап өтуге болады: ақпаратты жылдам жеткізу және команда өнімділігін арттыру.

  1. Жылдамдық пен тиімділік. Алгоритм контентті адамға қарағанда әлдеқайда жылдам жасай алады. Бұл тәсіл мақалаларды жазу үдерісін оңтайландыруға мүмкіндік береді және сапалы материалдың тұрақты және жылдам шығуына кепілдік береді.
  2. Өнімділіктің артуы. Материалдардың белгілі бір түрлерін жазу үшін автоматтандыру тәсілін пайдалану жарияланатын контенттің көлемі мен сапасын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.

Автоматтандырылған мақалаларды қалай ажыратуға болады

NUR.KZ ұжымы оқырмандарына барынша ашық болуды және мұндай мақалаларға "Автоматтандыру тәсілімен әзірленді" белгісін қоюды жөн көрді.

Жаңалықтың төменгі жағындағы контентті автоматтандыру туралы ескертпеге басу арқылы сіз алгоритмнің қалай жұмыс істейтіні туралы қысқаша ақпаратты көре аласыз немесе автоматтандырудың толық сипаттамасы бар мақалаға өте аласыз.

NUR.KZ командасы оқырмандары үшін дамып, одан да жақсырақ болу мақсатында заманауи технологияларды қолданады. Сіз бұл үдеріске қатыса аласыз: сізді экспресс-сауалнамадан өтуге шақырамыз, онда сіз веб-сайтымызға қатысты өз пікіріңізді бөлісе аласыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kak-rabotaet-nur-kz-kaz/2040551-endi-nurkz-te-avtomattandyru-komegimen-zasalgan-maqalalardy-azyratuga-bolady/

pixel