Нұрлан имам алпауыт елдің дін басшылары жиналған Ақ үйдегі қайырымдылық асына қатысуда (видео)
Жарияланған күні:
Белгілі қазақстандық дінтанушы, теолог, психолог Нұрлан қажы Байжігітұлы АҚШ президенті Джо Байденнің қатысуымен Ақ үйде өтіп жатқан қайырымдылық асына қатысуда. Бұл туралы Kazinform хабарлайды.
Агенттіктің мәліметінше, алқалы жиынға алпауыт елдің дін басшылары, өзге де мемлекет жетекшілері, танымал тұлғалар шақырылған.
"Негізгі мақсаты – әлемдегі тыныштық, ынтымақ, бірлік және осы төңіректе жасалатын дұғалар мен мінәжат. Бұл – әлемде болып жатқан жағдайға байланысты барлық дін өкілінің бір жерде ниет тоғыстыруы", - деп түсіндірді АҚШ-тағы ас туралы агенттіктің дереккөзі.
Агенттіктің жазуынша, қайырымдылық дастарханына 127 мемлекеттен 1600 адам жиналған.
Еске салайық, бұған дейін Нұрлан имамның АҚШ-та жыл сайын өтетін қайырымдылық асына қатысатынын жазған едік.
"Бұл тікелей Америка президентінің шақыруы емес. Көп жерде бұлай жарыса жазып жатқаны қате. Бұл – АҚШ-та жылда өтетін қайырымдылық ас. Қайырымдылық асқа сол мемлекеттегі дін басшылары, мемлекет басшылары, танымал тұлғалар шақырылады", - деген еді Нұрлан имам.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2058794-nurlan-imam-aq-uide-otip-zatqan-qaiyrymdylyq-asyna-qatysuda-video/