jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұр Еркін
Нұр Еркін
Бұрынғы қызметкер

Нұрлан имам АҚШ-қа не үшін бара жатқанын айтты (видео)

Нұрлан имам
Нұрлан имам. Фото: "Алғашқы" бағдарламасы

Белгілі имам Нұрлан Байжігітұлы АҚШ-қа қайырымдылық асқа шақырту алған болатын. Ол Америкаға не үшін бара жатқанын "1001 түн" бағдарламасында айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Бұл тікелей Америка президентінің шақыруы емес. Көп жерде бұлай жарыса жазып жатқаны қате. Бұл - АҚШ-та жылда өтетін қайырымдылық ас. Бұл қайырымдылық асқа сол мемлекеттегі дін басшылары, мемлекет басшылары, танымал тұлғалар шақырылады. Бұл жылда болатын үлкен қайырымдылық ас.

Қайырымдылық астың негізгі мақсаты - әлемдегі тыныштық, ынтымақ, бірлік және осы төңіректе жасалатын дұғалар мен мінәжат. Әр дін өкілі өзінің дұғасын өз қолымен, ниетімен жеткізеді. Бұл - әлемде болып жатқан жағдайға байланысты барлық дін өкілдерінің бір жерде ниет тоғыстыруы. Оны ұйымдастырушылар шақырады. Әр мемлекетте өз өкілдері, үйлестірушілері болады. Осыдан біраз уақыт бұрын қайырымдылық астың үйлестірушілері жолығып, кейін жеке поштама шақырту хатын жіберді", - деді Нұрлан имам.

Сонымен қатар Нұрлан имам әзірге шетелдегі сапары жайлы тек жалпылама ақпарат айтылғанын атап өтті.

"Кешкі немесе таңғы асы және жеке сұқбат болады деді. Менің сөз сөйлеуім әзірге нақты емес. Ол айдың аяғына таман болады. Өздері қандай мәселе көтеретінін айтатын көрінеді. Әзірге осы тақырыпта сөйлейсіз, осындай сұхбат болады деген нәрсе айтылмады. Бірақ қайырымдылық ас жайлы жалпылама айтылды", - деді Нұрлан имам.

Еске сала кетейік, бірнеше күн бұрын Нұрлан имамның шетелге жол жүретіні белгілі болды.

Нұрлан имам АҚШ-қа не үшін бара жатқанын айтты (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.