jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Нұрлан имам алпауыт елдің дін басшылары жиналған Ақ үйдегі қайырымдылық асына қатысуда (видео)

Нұрлан Байжігітұлы АҚШ-та өткен қайырымдылық аста
Нұрлан Байжігітұлы АҚШ-та өткен қайырымдылық аста. Фото: instagram.com/nurlanimam.kz

Белгілі қазақстандық дінтанушы, теолог, психолог Нұрлан қажы Байжігітұлы АҚШ президенті Джо Байденнің қатысуымен Ақ үйде өтіп жатқан қайырымдылық асына қатысуда. Бұл туралы Kazinform хабарлайды.

Агенттіктің мәліметінше, алқалы жиынға алпауыт елдің дін басшылары, өзге де мемлекет жетекшілері, танымал тұлғалар шақырылған.

"Негізгі мақсатыәлемдегі тыныштық, ынтымақ, бірлік және осы төңіректе жасалатын дұғалар мен мінәжат. Бұл – әлемде болып жатқан жағдайға байланысты барлық дін өкілінің бір жерде ниет тоғыстыруы", - деп түсіндірді АҚШ-тағы ас туралы агенттіктің дереккөзі.

Агенттіктің жазуынша, қайырымдылық дастарханына 127 мемлекеттен 1600 адам жиналған.

Еске салайық, бұған дейін Нұрлан имамның АҚШ-та жыл сайын өтетін қайырымдылық асына қатысатынын жазған едік.

"Бұл тікелей Америка президентінің шақыруы емес. Көп жерде бұлай жарыса жазып жатқаны қате. Бұл – АҚШ-та жылда өтетін қайырымдылық ас. Қайырымдылық асқа сол мемлекеттегі дін басшылары, мемлекет басшылары, танымал тұлғалар шақырылады", - деген еді Нұрлан имам.

Нұрлан имам алпауыт елдің дін басшылары жиналған Ақ үйдегі қайырымдылық асына қатысуда (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.