jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

Астанадағы мектептердің бірінде балаларға берілген тағам ата-аналардың ашуын туғызды

мектеп асханасындағы оқушылар
Мектеп асханасындағы оқушылар. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Желі қолданушысы Астанадағы мектептердің біріндегі тамғамдардың сапасы мен бағасын көрсетіп, шағымданды. Бұл мәлімдемеге елордалық білім басқармасының өкілдері жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Асханадағы жағдай туралы ақпарат Instagram-дағы zhaloby.astana парақшасында жарияланды.

"Түскі асқа бала кем дегенде 1000-1500 теңге төлейді. Ал тағамның сапасы көңіл көншітпейді - күйген бәліш, пиццасы резеңке сияқты", - дейді жазба авторы.

Бұл жазбаға Астана қаласы білім басқармасының өкілдері пікір білдірді. Олар бұл факт бойынша мектеп тарапынан шара қолданылғанын мәлімдеді.

"Комиссиямен бірлесіп тексеру жүргізіліп, өнімдер сатылымнан алынды, наубайшы ауыстырылды. Жеткізушіге қатысты ұсынылған өнімнің сапасына қойылатын талаптарды бұзу актісі жасалды. Өнімнің бағасы буфет өнімдерінің ассортименті тізілімінде бекітілген талаптарға сәйкес келеді", – делінген әкімдік жауабында.

Алдағы уақытта мұндай келеңсіздіктердің алдын алу үшін мектеп әкімшілігі ұсынылған буфет өнімдерінің сапасы мен баға саясатын күн сайын қадағалап отырмақ.

Астанадағы мектептердің бірінде балаларға берілген тағам ата-аналардың ашуын туғызды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.