Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкент тұрғындары қыс ортасында газсыз қалды (видео)

Опубликовано:

Шымкент
Шымкент. Видеодан кадр: instagram.com/akimat_shymkent

Шымкентте Мәртөбе елді мекенінде жоғары қысымды газ құбырынан табиғи газдың шығыны анықталды. Апат салдарынан 1500 жеке газ тұтынушы мен 7 өндірістік кәсіпорынға уақытша газ беру тоқтатылды, деп хабарлайды Шымкент әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бұл жайлы өңірлік әкімдік Instagram ресми парақшасында хабарлады.

"03 ақпан сағат 21:45-те Мәртөбе елді мекенінде Ду-325 мм жоғары қысымды газ құбырынан табиғи газдың шығыны анықталды. Апат салдарынан 1500 жеке газ тұтынушы мен 7 өндірістік кәсіпорынға уақытша газ беру тоқтатылды.

Қазіргі таңда қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін арнайы техникалар мен 30 қол күші жұмылдырылып, жұмыс қарқынды түрде жүргізілуде. Қайта қосу жұмыстары қосымша хабарланатын болады", - деп жазды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар әкімдік жергілікті тұрғындардан газ иісі байқалған жағдайда апаттық қызметке хабарласуды сұрады.

"Құрметті, қала тұрғындары! Сіздерден газ крандарының жабық болуын қадағалауларыңызды сұраймыз. Газдың иісі байқалған жағдайда 104 апаттық қызметіне хабарласыңыздар", - деп мәлім етті әкімдіктің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2059010-symkent-turgyndary-qys-ortasynda-gazsyz-qaldy-video/

pixel