Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада тұрғын үй кешендерінің бірінде белгісіз ер адам балаларды ұрып-соққан

Опубликовано:

Ер адамның баланы ұрып жатқан сәті
Күдікті мен балалар. Видеодан кадр: t.me/nkorganbekova

Елордадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде ер адам үш балаға тап берді балалардың бірін ұрып, кейін қылқындырғаны бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

Видеролик Korganbekova VIBE Telegram арнасында жарияланды.

Бейнежазбадан кіреберісте үш бала тұрғанын көруге болады. Оларға ер адам жақындап келіп, алдымен бір баланы жұдырықпен бір ұрған, сосын екіншісін тепкен, үшінші баланы қылқындырған.

Жарияланым авторының айтуынша, видео кеше, 4 ақпанда түсірілген.

"Бір делқұлы кіріп келіп, бір баланы ұрып, екіншісін тепкілеп, үшіншісін қылқындырған. Мендегі мәлімет бойынша, балалардың бірінің әкесі бұзақыны іздеуге кірісті. Полицияға арыз берілді. Құқық қорғау органдарынан ақпарат күтіп отырмыз", - делінген жазбада.

Кейін Астана полиция департаментінің өкілдері Zakon.kz сайтына 30 жастағы күдікті ұсталғанын хабарлады. Оның үстінен бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2059081-astanada-turgyn-ui-kesenderinin-birinde-belgisiz-er-adam-balalardy-uryp-soqqan/

pixel