Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда үшінші теміржол вокзалы қашан және қайда салынады

Опубликовано:

Пойыздар
Пойыздар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыда Алатау ауданы аумағында үшінші теміржол вокзалының құрылысын бастау жоспарланып отыр. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Алматыда әкімдігі жаңа теміржол вокзалы құрылысының жоспарлау жобасын ұсынды. Жоба бұған дейін жарияланған бірқатар құжатта, соның ішінде оңтүстік астананың 2040 жылға дейінгі Бас жоспарында қарастырылған.

Алатау ауданындағы Алматы-3 вокзалының құрылысы агломерацияны дамыту жөніндегі жобалар кешенінің бір бөлігі болып саналады. Жаңа теміржол платформасы жүк және жолаушылар ағынының бір бөлігін қайта бағыттауға, сондай-ақ қосымша жолаушылар пойыздарын енгізуге мүмкіндік береді, осылайша қаланың жол инфрақұрылымындағы көлік жүктемесін азайтады.

"Жаңа теміржол платформасын салуға арналған жер телімі "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясына тиесілі магистральдық желіде орналасқан. Жоба "Мәдениет" шағын ауданына жақын маңда іске асырылады. Платформаны "Қазақстан темір жолы" компаниясы салады.

Бiздiң негiзгi мiндетiмiз вокзал мен вокзал маңындағы алаңды Егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына енгiзу болды. Қазіргі уақытта 2 апта бұрын жарияланған Көлік қаңқасының жоспарына сәйкес техникалық-экономикалық негіздеме әзірленуде. 2026-2027 жылдарға дейінгі мерзім көрсетілген", - деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин.

Айта кетейік, өткен жылдың наурыз айында Алматы вокзалдары ҚТЖ меншігіне қайтарылатыны мәлім болды. Шамамен осы уақытта үкімет оңтүстік астананың 2040 жылға дейінгі Бас жоспарын бекітті. Бұған дейінгі бас жоспардың 20 жылдан астам уақыт бұрын – 2002 жылы бекітіліп, Алматының өсіп келе жатқан қажеттіліктері ескерілмегені айтылды. Осы уақыт ішінде қала аумағы екі еседен астамға – 33 898 гектардан 70 348 гектарға, ал халық саны 2,1 миллион адамға өсті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2059105-almatyda-usinsi-temirzol-vokzaly-qasan-zane-qaida-salynady/

pixel