Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында жоғары лауазымды бұрынғы полиция қызметкері қамауға алынды

Опубликовано:

полиция қызметкері
Полиция қызметкері. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ақмола облысында Бұланды аудандық полициясы бастығының бұрынғы орынбасары алаяқтық жасады деген күдікке ілінді. Бұл туралы облыстық сотқа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Соттың Facebook-тегі ресми парақшасында жарияланған мәлімет бойынша, сот қаулысымен күдіктіні екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

"Бұланды аудандық ішкі істер бөлімі бастығының бұрынғы орынбасары мүлікке қатысты ауыр қылмыс – алаяқтық (Қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-бөлігі 2-тармағы) жасады деген күдікке ілінді", - деп хабарлады сот.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетсек, былтыр Талдықорған полиция басқармасының бастығы Марат Күштібаев қамауға алынған болатын. Ол 27 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінген.

Тергеу Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауына алынды. Күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2059136-aqmola-oblysynda-zogary-lauazymdy-policiya-qyzmetkeri-qamauga-alyndy/

pixel